Әрбір табысты fashion-брендтің артында идеясы бар тұлға тұрады. Ол - тек кәсіпкер емес, стиль қалыптастырып, әйел болмысының нәзіктігін жаңа деңгейде көрсете алатын көшбасшы. Осындай кәсіби көшбасшылардың бірі - Ұлан Әбітқызы, отандық ULA (Ула) брендінің негізін қалаушы, fashion-индустриясының жетекші кәсіпкерлерінің бірі.
Ұланның бизнеске келуі ерте басталды. Студент кезінен-ақ өз еңбегімен табыс тауып, сауда-саттықпен айналысты. Осы тәжірибе оған кәсіпкерлік әлемінің негізін түсінуге, адамдармен жұмыс істеуге және нарық сұранысын сезінуге көмектесті.
Уақыт өте келе бизнес оның жай ғана табыс көзі емес, өмірлік миссиясына айналды. 20 жыл бойы ол кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, көтерме сауданы дамыту, команда басқару және жүйелі бизнес-процестерді жолға қою бойынша үлкен тәжірибе жинады. Осы жолдың нәтижесінде ол жоқтан бар жасап, fashion-индустрияда ULA брендін қалыптастырып, оны тұрақты жұмыс істейтін табысты кәсіпке айналдырды.
Бүгінде Ұлан Әбітқызының екі көтерме сауда нүктесі мен брендтің фирмалық дүкені бар. Компаниясында 20-дан астам маман тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл - оның бизнес жүйесінің тұрақтылығын және брендтің нарықтағы сенімді орнын көрсетеді.
ULA-ның әрбір топтамасы әйелдің нәзік болмысы мен ішкі еркіндігін көрсететін ерекше стиль ретінде танылады. Бұл бренд коммерциялық табыспен ғана өлшенбейді - ол қазақстандық заманауи сән мәдениетін қалыптастырып келе жатқан идеялық бағытқа айналды. Ұлан отандық өндірістің дамуына да үлес қосып, елімізде жеке тігін цехын ашты. Дизайн әзірлеу, материал таңдау және тігін сапасын бақылау жұмыстарына тікелей өзі қатысады.
Ұлан сән және сауда саласындағы бірқатар жобаларға инвестор ретінде де қолдау көрсетіп келеді. Оның негізгі ұстанымдарының бірі - өзге кәсіпкерлердің дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта ол Гуанчжоу қаласына бизнес-сапарлар ұйымдастырып, әріптестеріне халықаралық тауар іріктеу, фабрикалармен жұмыс істеу және іскерлік келіссөз жүргізу тәсілдерін үйретіп, көптеген кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Ұлан медиа кеңістікте де белсенді. Ол шоу-индустрияға жақын, Muzzone арнасында бизнес жобаларды жүргізеді. Бұл оның жеке брендінің танымалдылығын арттырып, кәсіби ортадағы ықпалын күшейтті.
Бүгінде Ұлан Әбітқызы - кәсіби марапаттардың лауреаты, бизнес-тренер, дизайнер әрі ментор. Ең бастысы - ол сән мен бизнесте табысқа жету әрбір әйелдің қолынан келетінін нақты ісімен дәлелдеп келе жатқан тұлға.
По итогам 2025 года телеканал MUZZONE отметил достижения Ұлан Әбітқызы и включил её в список лучших, присвоив номинацию:
«ТОП FASHION BUSINESSWOMAN 2025».