ПРЕМИЯ TOP PROFESSIONAL 2025 ТЕЛЕКАНАЛА MUZZONE
Бағдат Исмаханбетова isma bagi
ТОП FACEFITNESS ИНСТРУКТОР 2025
Facefitness бүгінде жай ғана тренд емес. Бұл - сұлулыққа деген саналы көзқарас, табиғилықты таңдаған әйелдердің жаңа мәдениеті, өзін күту мен ішкі тәртіптің философиясы. Осы бағытты қазақтілді ортада кеңінен танытып, үлкен аудиторияға жеткізген мамандардың бірі - Бағдат Исмаханбетова.

Оның кәсіби жолы жай ғана қызығушылықтан емес, жеке өміріндегі қиын кезеңнен басталды. 29 жасында Бағдат бет әлпетінде айқын өзгерістерді байқайды: әжімдер пайда болып, тері босап, төмен түседі. Денсаулық жағдайына байланысты инъекциялық әдістер оған жарамайтын. Сол кезде ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды: жағдаймен келісу немесе табиғи қалпына келу жолын іздеу. Ол екінші жолды таңдады.

Осы ізденіс барысында Бағдат лифтинг-массаж, вакуумды массаж, гуаша, буккальды массаж, мүсіндеу массажы, тейптеу, косметология және facefitness секілді түрлі әдістерді зерттеп, тәжірибеден өткізді. Ал 2018 жылдан бастап осы салада кәсіби түрде жұмыс істей бастады. Нәтижені өз бетінде көрген соң, бұл білімді өзгелерге де жеткізу керек екенін түсінді.

Ол барлығын нөлден бастады. Алайда шынайылығы, нақты нәтижелері және бірегей тәсілі үлкен сенім қалыптастырды. Бүгінде Бағдаттың аудиториясы 60 мыңнан асады. Оның блогы тек facefitness туралы емес, сауатты күтім, тұлғалық даму және өзін-өзі жетілдіру кеңістігіне айналды. Ол алдағы уақытта офлайн оқытуды жоспарлап отыр, себебі тікелей байланыс шәкірттің даму жолын тереңдетіп, нәтижені жылдамдатады.

Бағдаттың жетістігі оңай келген жоқ. Қазақтілді ортада бұл бағыт әлі қалыптаспаған кезде, ол алғашқылардың бірі болып facefitness мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. 2022 жылы еңбегі еленіп, «ҚАЗАҚТЫҢ 100 есімі» кітабына енді. Кейін «Жыл адамы» атағына лайық деп танылып, 2024 жылы «Жыл таңдауы» сыйлығын иеленді. 2025 жылы бұл марапатты қайтадан жеңіп алды.

Бүгінде оның өнімдерін және әдістемесін Қазақстанның танымал тұлғалары мен блогерлері қолданады. Бағдат табиғи сұлулықтың аңыз емес, үйренуге болатын дағды екенін дәлелдеді. Енді сол білімін айнадағы бейнесін ғана емес, өз болмысын да қайта тапқысы келетін әрбір әйелмен бөлісуге дайын.

Бағдат Исмаханбетова Қазақстандағы facefitness саласының үздік сарапшыларының бірі ретінде кеңінен танылды. Осы себепті 2025 жылы телеканал MUZZONE оны ТОП тізіміне қосып, арнайы номинациямен марапаттады.

По итогам 2025 года телеканал MUZZONE отметил достижения Бағдат Исмаханбетовой и включил её в список лучших, присвоив номинацию:
«ТОП FACEFITNESS ИНСТРУКТОР 2025».