Назад к списку

Жас әнші Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесіне тұрмысқа шығып, өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. 


Махаббаттарын жұрттан жасырған қос жұлдыз, балалары өмірге келсе де көпшіліктен бойларын аулақ ұстайтын сияқты. Себебі, Ақботаны перзентханадан шығарып алу салтанатына да аз адам келген.Күні кеше актер Дәурен Айдарқұлов өзіне ұл сыйлаған Ақбота Сейтмағамбетті перзентханадан шығарып алды. Актер төртінші перзентімен қауышуға біраз дайындалған көрінеді. Құшақ гүлін арқалаған Дәурен бұл күнге арнайы клоундарды жалдап, Ақботаның көңілін көтеру үшін барынша тырысып баққан. Ал жаңа туған сәбиіне Дәурен Айдарқұлов ИбраҺим деп ат қойыпты. Айта кетейік, ИбраҺим – қазақтың ұлы ақыны Абайдың шын есімі.