Назад к списку

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am a Singer байқауында екінші орын алды 


Қытайдың HunanTV телеарнасынан көрсетілген “I am a singer ” жобасында қазақстандық Димаш Құдайбергенов 2-орынға ие болды. Ол финалда Лаурэ Шанг есімді танымал қытайлық әншімен өнер көрсетіп, әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Earth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындаған болатын. Ал бірінші орын Сэнди Лим есімді Гонконг әншісіне бұйырды. Ол жалпы саны 22,6 процент жинаса, Димаш 18,47 процентпен екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші орын Lion тобына бұйырды. Осыған дейінгі кезеңдерден сүрінбей өтіп, күллі әлемді дара талантымен таңғалдырған Димаш бұл жолғы финалда тек ән айтып емес, барабанда да ойнап тәнті етті.