Назад к списку

Мөлдір Әуелбекова жарнаманың кесірінен басы дауға қалды 


Бүгінгі таңда жарнаманы қосымша табыс көзіне айналдырған өнер иелері жетерлік. Әртістердің арасында қалталарын қалыңдатып, әрі тегін қызметті пайдаланып қалғысы келетіндері де бар. Осы орайда жарнама жасаудың шебері болып алған жұлдыздардың қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар. Бүгінде әншіміз әлеуметтік желіге жармананы жасаймын деп емес, жасамаймын деп басы дауға қалды. Белгілі болғандай, инстаграм желісіне жарнама жасап беруді ұсынған қолөнершілер Мөлдірге сеніп, жарнамадан да, әшекейден де қағылғанын алға тартып отыр.