Назад к списку

Продюсер Баян Мақсатқызы экс-күйеуі Бақытбек Есентаевты түрмеден шығаруын өтінді 


Продюсер Баян Мақсатқызы ҚР Жоғарғы сотына бас бостандығынан айырылған экс-күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан үкімді өзгерту туралы өтініш жазды. Бұл туралы Жоғарғы соттың редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылады. "Сотталған Б.Т. Есентаевтың адвокатынан және жәбірленуші Б.М. Есентаевадан Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына кассациялық тәртіпте сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түсті", - делінген ресми жауапта. Сонымен қатар, талап етілген қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін өтінішті алдын ала қарау күні белгілі болатыны айтылады.