Назад к списку

Сейфуллин Жолбарыс екінші жарымен Дубайда қыдырып жүр! 


Танымал әнші әрі композитор Сейфуллин Жолбарыс өзге әншілер сияқты қысқы демалысын шетелде өткізуде. Ол жас әрі сұлу келіншегін алып Дубайға аттанып, желіге өзінің саяхатынан суреттері мен видеосын жүктеді. Дубай көшелерін қызықтап жүрген әнші онда жалғыз емес, өзінің 31 жастағы жары Екатерина Лилуямен бірге аттанған. Естеріңізге салсақ, жеке өмірі туралы көп айта бермейтін Сейфуллин Жолбарыс биыл екінші жарын көрсетіп, жұртты сұлулығымен таң қалдырған болатын.