Назад к списку

Джеки Чан Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті!  


Димаштың арманы орындалды! Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған атақты актер Джеки Чан оны кездесуге өзі шақырған. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасына жазды. Атақты актер Джеки Чан Димашты теледидардан көріп, кездесуге шақырған. Кездесуде актер оған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан. Ал, Димаш Джеки Чанға қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйға берген. Димаштың домбырамен бір күй шертіп беруін өтінген Джеки Чанға ол Нұрғисаның «Әлиқасынан» шашу шашқан. Актер өз кезегінде Димашқа соңғы Kung Fu Yoga кинокартинасындағы би қимылдарын үйреткен. Димаштың бала кезінен бері келе жатқан сүйікті актері оған өз ақыл кеңестерін беріп, оның шығармашылығын бақылайтынын айтқан. Димаштың айтуынша, армандар орындалады! Еске сала кетейік, атақты әнші Лара Фабиан да Димаш Құдайбергеннің ерекше даусына таңданыс білдіріп, оны кездесуге шақырған болатын.