Назад к списку

"Орел и Решка" бағдармаласының жүргізушісі қазақстандық саудагерлерге неге өкпелі? 


Көгерген уылдырық сатқан қазақстандықтар Ресейлік тележүргузішінің алдында ұятқа қалды. Белгілі болғандай, Украиналық атышулы "Орел и Решка" телебағдарламасының жүргізуші Регина Тодоренко өзге елге достарымен Алматы арқылы ұшқан көрінеді. Алматы әуежайындағы «Duty Free» дүкенінен сауда жасағысы келген ол қара уылдырық сатып аламын деп, өкінішті жағдайға тап болған. Белгілі болғандай, бұл қымбат уылдырығы сапасы сын көтермей, көгерген болып шықты. Енді журналист өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы жайтқа байланысты наразылығын білдірген видеосын да жүктеп үлгеріпті. Алайда бүгін белгілі болғандай, қазақстандық өндіруші көгеріп кеткен уылдырық үшін жүргізушісіден кешірім сұраған. Оның сөзінше, дүкенде әр тауардың сертификаты бар. Сондықтан әрқайсысын тексерудің қажеті жоқ. Сонымен бірге, әр тауардың жарамдылық мерзімі қадғаланатынын және осындай жағдайдың алғаш болып тұрғанын айтады. Дүкен иелері де өз алдына кінәсін мойындап, сатып алушыдан сапасыз өнімді өткізгені үшін кешірім сұрауға дайын екендерін жеткізді.