Назад к списку

Федор Бондарчук Алматыға келді 


Ресейлік актер, продюсер, режиссер Федор Бондарчук Алматыға арнайы келіп, «Притяжение» атты фантастикалық көркем фильмін көпшілікке ұсынды. Картинаның сюжетінде адамзаттың бөгде планеталықтардың сана-сезімімен қақтығысы ерекше эффектілермен көрсетіледі. Беймәлім ұшатын нысан аспаннан жерге түсіп, Мәскеуде бірден әскери және төтенше жағдай режимі енгізіледі. Инопланетяндықтарды арнайы зерттеп, оқыған бір топ олармен байланыс жүргізіп, мақсаттарын білуге тырысады, алайда қарапайым тұрғындар бөгде планеталықтарға наразылық танытып, арты соғысқа айналып кете жаздайды. Сонымен қатар, мұнда махаббат оқиғасы өрбиді. Режиссер Федор Бондарчук фильм түсіру барысында туындаған қиындықты сөз етті. Бұл картина Мәскеудің қатаң құпияда сақталып жүрген түрлі аудандарында, қорғаныс Министрліктің нысандарында су жаңа әскери қарулы күштер техникасының көмегімен түсірілген. Бұл туындыдағы басты мақсат - адамдардың бір-біріне мейірімін арттыру мен мәңгілік құндылықтарды еске түсіру. Жуырда ғана Мәскеуде осы фильмнің тұсаукесері өткен еді. Әлеуметтік желіде картинаға қатысты өз бағаларын беріп, пікірлерін қалдырған мәскеуліктердің сөзін Бондарчук өз аузымен оқып берді. Аталмыш туынды IMAX форматына аударылған төртінші ресейлік фильм. Оның бюджеті 380 млн. рублді құрады. Бондарчук бұған дейін «Сталинград», «Обитаемый остров», «Девятая рота» фильміндерін де сәтті түсірген.