Назад к списку

АТЫШУЛЫ СӘНГЕР ЛИЛИЯ РАХ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ 


Бүгін Алматы қалалық сотында адам ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған Лилия Рахтың сот отырысы өтті. Ескерте кетейік, бұған дейін Лилия Рахтың адвокаты сотқа оны рахымшылықпен босату туралы аппеляциялық шағым түсірген еді. Сот шешімі бойынша, Лилия Рах қылмыстық жауапкершіліктен және қамаудан босатылды. Айта кетейік, Лилия Рахтың өзі 23 тамызда қамауға алынған болатын. Өзінен қарызға ақша алып қайтармаған Өзбекстан азаматын сәнгер Мири Паз, Ислам Месіров және Бақыт Шалбаевпен бірлесе жалдамалы пәтер алып, оны тұтқында ұстаған. Кейін жәбір көрген Хамро Сувановтың өзі күтпеген жерден сәнгер Лилияға қатысты қылмыстық істі доғаруды сұрады. Алайда, прокурор Лилия Рахтың жеке мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.