Назад к списку

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ ЕКІНШІ РЕТ ҚАЛЫҢДЫҚ АТАНБАҚ 


Жақында отандық БАҚ пен әлеуметтік желілерде Баян Мақсатқызының жаңа сүйіктісі туралы ақпарат тараған болатын. Алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов әлеуметтік желіге Баянмен түскен суретін жүктеп, астына «Ол менің өмірімді өзгертті» деген жазба қалдырған еді. Тіпті осыған байланысты халық арасында Баян Мақсатқызы отандық кәсіпкермен көңіл жарастыруы мүмкін деген сөз тарап кеткен еді. Ал бүгін міне, Баян осыған дейін өзіне қатысты айтылып келген гу-гу әңгіменің барлығын растап, соңына нүкте қоюды шешкен тәрізді. Әйгілі продюсер бұл қуанышты жаңалығымен өзінің инстаграмдағы парақшасында бөлісті. Күтпеген жерден Баянның сүйіктісі Тұрсынғали оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Жалғыздықтан шаршаған продюсер сүйіктісінің бұл ұсынысын қабыл алған көрінеді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі екеуінің бірге түскен суретінің астына «Оның ұсынысын қабыл алдым» деген жазба қалдырып, халықтың өздеріне деген қызығушылықтарын екі еселей түсті. Белгілі болғандай, Баян Мақсатқызы жақын арада екінші рет қалыңдық көйлегін киюуі де ғажап емес. Әрине, қос ғашықтың бұл тойлары қашан және қайда болатындары біз үшін жұмбақ. Оқиғаның бұлай өрбуіне сіздер қалай қарайсыздар?