Назад к списку

Нұртас Адамбаев Универсиада – 2017 алауын ұстаудан бас тартты 


Қазақстандық белгілі актер, шоумен әрі режиссер Нұртас Адамбаев Алматыдағы Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартты. Режиссердің шамына тиген нәрсе – бұл шараға жауапты қызметкердің дайындық уақытының өзге күнге шегерілгендігін ескертпегендігі болды. Соның арқасында жексенбі күнгі жоспарын өзге күнге ауыстыруға мәжбүр болған Адамбаев бұл жағдайды Фейсбук әлеуметтік парақшасында жариялап үлгерген көрінеді. Артынша Нұртас мырза бұл жазбасын өшіріп, арсыз қызметкерге бола атаулы іс-шараның өзге де ұйымдастырушыларын ұятқа қалдырмайтындығын мәлімдеді. Әлбетте, Универсиада алауын алып жүру – екінің біріне бұйыра бермейтін үлкен жауапкершілік. Осыған дейін 2 миллиондық халқы бар Алматы тұрғындар арасында 100 адамға ғана дәл осындай мүмкіндік бұйырған екен.