Назад к списку

Әнші Максим Лесниковты сыған қызы дуалап тастапты! 


Сыған қызы әнші Максим Лесниковтың басын дуалап тастағаны соншалық, жас композитор ұсқынсыз қыз көрсе, оларды сұрапыл сұлу ханшайым көргендей мәз болады. Бірақ, бұл шынайы өмірде емес, әншінің жаңа бейнебаянының сюжетінде орын алатын жағдай. Бейнеклипте композитордың бір күндік өмірі көрсетіледі. Жуырда Максим Лесниковтың «Ветер отпускаю» және «Ханзада» атты бейнебаяндары екі нұсқада орыс және қызық тіліндерінде жарыққа шығады. Былтыр әнші «EMA MUZZONE-2016» бәйгесінде «Үнсіз сезім» әнімен «Жыл Әні» номинациясын жеңіп алған болатын.