Назад к списку

Тәуекел Мүсілім отбасын қай кезде құратынын айтты! 

Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс»,-деген мақсатпен өзін жан-жақты сынап жүрген және көптеген қыздардың арманына айналған Тәуекел Мүсілім – әзірге көзімнің отын жандыратын ару табылған жоқ, оны іздеуге уақыт та тапшы, дейді. Естеріңізде болса, Тәуекелге продюсері жаңа автокөлік сыйға тартқан еді. Басында Тәуекел мұндай сыйлықтан бас тартса керек. Тәуекелдің продюсері Жанна Абуова оған көлікті 68 мың долларға сатып алып берген.Қарызын Тәуекел бүгінгі таңда толықтай өтемеген. Алдағы 2-3 жылда міндетті түрде қайтарамын деген ойда. Тәуекел продюсерін қамқоршысы деп есептейді. Мұндай сыйлықты тартуда арадағы сенімділіктің арқасы деді.