Назад к списку

Тұрсынғали мен Баян Мақсатқызы той күнін белгіледі. 


Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзов атты кәсіпкермен жеке қарым қатынасы бастағалы бері олардың жеке өмірі қазір миллиондаған жұрттың назарында. Жақында қос жұп бірігіп, еліміздің белді сайттарының біріне ашық сұхбат беріп, тойларының көктем айына жоспарлап жатқандарын айтты. Тіпті кәсіпкер Мақсатқызымен танысқан кезде әйелімен некеде болғанын, ал қазір ажырасу үстінде екенін де мәлім етті. Бұл сұхбатында Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовпен өткен жылдың көктемінде танысқанын және атышулы оқиғаға дейін шетелге бірге барып келгенін мойындады. Өз кезегінде тегін ауыстыруға бел буған Баян енді «Алагөзова» атанғысы келетінін де жасырмады.