Назад к списку

Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова бейнебаяндарының тұсауын кесті! 

Әнші Айдана Меденова мен жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс»,-деген мақсатпен өзін жан-жақты сынап жүрген Тәуекел Мүсілім «Кинопарк Дастаны» атты бейнебаяндарының тұсауын кесті. Махаббат жайлы туындыны режиссер Дәурен Қамшыбаев бір күнде түсірген. Картинаның сюжеті бойынша, екі жас кинотеатрда кездесіп, бір-біріне деген сезімдері оянып, артынша үлкен махаббатқа айналады. Бұл бейнебаян қазіргі жастарға үлгі болсын деген ниетпен көпшілікке ұсынылып отыр, дейді басты кейіпкер. Тәуекелдің айтуынша, «Қазақстанда бұрын-соңды мұндай бейнебаян түсірілмеген. Барша көрерменге ұнайды деген сезімдеміз». Тележүргізуші, актер, модель, әнші, продюсер, шоумэн Тәуекел Мүсілімнің бұған дейін «Махаббатым», «Бақытым бір сен», «Жаңа жыл» әндеріне түсірілген бейнеклиптері бар.