Назад к списку

Сырымтай Енсепов ерекше бейнебаян таспалады! 


Шамдар, ерекше интерьерлер, камера рельстері. Бұл жас әнші қазақ эстрадасына жаңадан қосылған жоқ. Қасиетті қара домбыраны жанына серік еткен танымал домбырашы Асылбек Еңсеповтың продюсерлігімен өнер көрсетіп жүрген інісі Сырымтай Еңсепов бүгін тағы бір бейнебаянды таспалады. Бұрынғы «А студио» тобының стилінде ән салып, Батырхан Шүкеновтың жолын қуған жас әнші осы аталмыш топтың «Мальчик пинг понг» атты әнін бүгінде қайта жаңғыртуды жөн санапты.