Назад к списку

Селин Дион Флоридадағы қожалығын сатуда 

Әнші мұны үш жыл бойы өткізе алмай жүр. Тіпті сатып алушылардың көңілін аудару мақсатында жылжымайтын мүліктің бағасын бірнеше мәрте түсірген әнші, соманы тағы да азайтты. Егер бастапқыда әнші жер меншігі үшін 75,5 миллион доллар сұраса, енді Дион 38,5 миллион долларға беруге дайын. Ал, сатып алушы болса, әншінің меншігіндегі көлемі 22 мың шаршы метрд құрайтын жер иелігіне қожайын болады. Айта кетейік, Селин бұл сәулетті қожалығын сатылымға қойған себебі, уақытын жартыдан астам бөлігін өзі тұрақты тұратын жері Лас-Вегас қаласында өткізеді. Сондықтан оған АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы үйінің қажеті жоқ.