Назад к списку

ЖАДОНЫҢ АЯҒЫНА ЕШҚАШАН ЖЫҒЫЛМАЙМЫН


Елімізге әйгілі әнші Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваға қатысты іс насырға шабуда. Белгілі болғандай екеуі әлі келісімге келе алмағанға ұқсайды. Осыған дейін үш сот отырысына да қатыспай, Ресейге ем алуға кеткен Меруерт Түсіпбаева бүгін Жадоны сот залына шақырып, өзіне моральдық залал келтіргені үшін дизайнерден 20 миллион теңге талап етті. Енді бұл жолы Жадо Меруерттің бұл шақыртуын қабыл алмағанға ұқсайды. Жадо мен оның адвокаты сот отырысы болатыны жайлы естісе де, сот залына келуді жөн көрмеген. Сот процесі аяқтала сала Меруерт Түсіпбаева осы жағдайға қатысты өзінің пікірін білдірді. Алайда Жадоның бұған қатысты ойы мүлдем бөлек. Оның ойынша, «шошқа» сөзі балағат ретінде қолданып, мысқыл мағынасында айтылған дейді. Меруерт Түсіпаева Жадыра Сахиеваның алдында басын иіп, тізерлеп кешірім сұрауға құлықсыз. Ол енді соттың соттың әділ шешіміне үмітті. Егер Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі дәлелденсе, ол 3000 АЕК көлемінде (6 миллион теңгеден көп) айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе үш жылға бас бостандығынан айырылатын көрінеді.

Заголовок

Вы можете выбрать стиль текста, его начертание и цвет

Мы в социальных сетях:

Наши социальные сети обновляются ежедневно. Подписывайтесь и будьте активными! 

© 2016 Mu­­zzone

Наш офис
Muzzone