Назад к списку

Мәди Рымбаев шашын тақырлап тастады 


Өнерде жүрген танымал жұлдыздардың келбетіндегі кез келген өзгеріс қашан да дүйім жұртшылықтың назарында. Фотокамераның ылғи да өздеріне бағытталып тұратынына үйренген жұлдыздар өз стильдері мен имидждерін өзгертуден де еш жасқанбайды. Олардың сыртқы келбеттерінің өзгерісіне біреулер таңғалып қараса, енді біреулер сынап-мінеп жатады. Сол секілді жақында Рымбаевтар әулетінің кенжесі Мәди Рымбаев та өз имиджін өзгертіп, көпшілікті таңғалдырды.