Назад к списку

Димаш Құдайберген танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр 


Қытай елінде өтіп жатқан «I am a singer - 2017» халықаралық байқауының қатысушысы, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр. Екі апта бойы жас әнші аспан асты елінің жұлдыздары қатарында үздік ондыққа енді. Бұл туралы әншінің пиар менеджері өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде мәлімдеген болатын. Алпамыс Шәрімовтың сөзіне сенсек, рейтинг жасау барысында орындаушылардың әлеуметтік желіде іздеу жүйелеріндегі белсенділігі мен оның видеоларының көрсетілімі негізге алынады екен. Еске сала кетсек, Димаш Құдайберегенов қазіргі таңда Қытай елінде өтіп жатқан «I am a singer - 2017» байқауында бақ сынап жатыр. Байқаудың төртінші кезеңінде ол қытай тілінде ән шырқап, тағы да үшінші орынды иеленген болатын.