Назад к списку

Көлікті қатты қажетсінбейтін Тимати автокөлігін қоқысқа тастап кетті. 


Атақты Ресейлік рэпер Тиматидің көлігі 10 жылдан бері Петропавл қаласының айыптұрағында тұр. 2005 жылы көлігінің ұрланғаны туралы арыз жазған рэпердің темір тұлпары бір жылдан соң, Петропавл қаласынан табылған. Қымбат көлігінің табылғаны туралы сүйінші хабарды естігенімен рэпер оны алып кетуге тырыспады да. Бұл туралы біздің Бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жазылып келді. Тіпті көлікті сатып алғысы келетіндер де табылды. Осыған орай Тимур Юнусов өз инстаграм парақшасына көліктің керек еместігін жазды. Ол парақшасында басқа көліктері барын және де кез келген көлік құралын ала алатындығын айтады. Және де жергілікті билікке өзінің он жыл тұрып қалған көлігін сатып, түскен ақшасын балалар үйіне немесе мұқтаж жандарға беруін өтінді. Алайда іс мұнымен бітпек емес. Себебі рэпердің атына жазылған көлік айыптұрақта он жыл тұрғанына айыппұл төлеуі қажет. Ал көліктің бағасы қайырымдылық жасау түгілі айыптұрақта тұрған күндерінің құнына да жетпей қалуы мүмкін.