Назад к списку

Қытайды бағындырған Димаш 


Қазақтың қалай əн айта алатынын əлем көрді! 2 млрд халыққа Димаш арқылы Қазақ аты танылды! Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer (Мен әншімін) музыкалық конкурсына қатысып, телешоудың бірінші айналымда топ жарған болатын. 22 жастағы әнші Францияның ең қиын әнін орындады. Айта кетейік, 14 кезеңнен тұратын байқаудың ұйымдастырушылары Димашты конкурсқа өздері шақырған екен. Қытайлық жанкүйерлер желіде "Қытай қазақтарға таңғалып жатыр" делінген мемдерді таратуда. Естеріңізде болса, Димаш Құдайбергенов Витебскіде өткен "Славян базары 2015" конкурсының бас жүлдесін алған. I Am a Singer музыкалық конкурсы корейдің танымал реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Оған жеті танымал музыкант қатысады, Олардың әрқайсысы әлемдік жүлде алған. Әр аптада бір қатысушы шығып қалып, орнына жаңа орындаушы қосылып отырады. Жеңімпазды аудитория таңдайды. Бұл байқауда жеңу бір бөлек, қатысу мүмкіндігіне ие болудың өзі бір үлкен қиын жұмыс! Алда келесі сын!!! Сәттілік Димаш.