Назад к списку

Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» этно-рок тобына вокалист іздеуде! 


2017 жыл қазақстандық шоу бизнес өкілдерінің біразының өміріне ғана емес, өнеріне де өзгеріс алып келген құтты жыл болды. Дәл осы жылы еліміздегі нөмірі бірінші продюсер Қыдырәлі Болманов елімізге атышулы жобасы «Ұлытау» этно рок тобының құрамын тағы да өзгертпек ниетте екенін жеткізді. Осыған дейін халық күйлерін әлемге танытып, түрлі аспаптарды үйлестіре орындап, құрамын бірнеше рет өзгерткен топ енді халыққа жаңа форматта ұсынылмақ.