Назад к списку

ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ ӘЙГІЛІ КАРИКАТУРАШЫНЫ СОТҚА БЕРМЕК 


Қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов суретші Мұрат Ділмановты өзін мазақ етіп, карикатура салғаны үшін сотқа бермек. Бұған дейін Мұрат Ділманов әлеуметтік желідегі парақшасында төсектің шетінде отырған ер кісі мен жанында жалаңаш жатқан әйелді бейнелеген карикатурасын көпшілікке жариялаған болатын. Алайда карикатураның авторы суретте бейнеленген адамның Қыдырәлі емес екені, тек "халық қамын ойлайтын адамды" салғандығын алға тартып отыр.