Назад к списку

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Денис Тен әншілікке бет бұрды ма? 


Денис Тен жанкүйерлерін таң қалдырудан жалықпайды! Сегіз қырлы бір сырлы мәнерлеп сырғанаушының гитара шертіп, ән салатыны ешкімге құпия емес. Бейнежазбаларын Денис әдетте Instagram парақшасында жариялайды. Жуырда ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, өзінің авторлық шығармашылығымен бөлісіп, жанкүйерлерін тәнті етті. Спортшының фолловерлары «талантты адам барлық жағынан талантты», «біздің спортшылар әншілерімізден де жақсы айтады», «өте керемет» деген мыңдаған жағымды пікірлер қалдырған.