Назад к списку

Қазақстандық Әсет Закиров Түркиядағы O Ses Türkiye байқауына қатысуда 


Қазақ жігіті Түркиядағы “Дауыс” жобасында қазылар алқасын таңдай қақтырды. Қазақстандық Әсет Закиров Түркиядағы O Ses Türkiye (Түркия дауысы) ән байқауына қатысып, алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті. Көрмей тыңдау кезеңінде астаналық Әсет әйгілі Джон Легендтың “All of me” әнін шырқап, екі төрешіні өзіне қаратты.