Назад к списку

Қазақ сахнасында әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті.  


Универсиада – бұл тек спортқа ғана қатысы бар дүние емес. Оның аясында қазіргі таңда көптеген мәдени шаралар өтуде. Осы орайда әлемдік балет жұлдыздары Алматыға келіп, өнерлерін ортаға салды. Ballet Globe фестиваль аясында Париж операсы Балет тобының премьері Жозуа Хоффальт, Америкалық Балет Театрының премьері Кори Стернз, Ресейдің Үлкен театрының премьері Артем Овчаренко сынды көптеген әлемді дүр сілкіндірген жұлдыздар көрермендерге керемет әсер сыйлады. Үш күн қатарынан әлемдік труппалардың «Жизель», «Лебединое озеро», «Ромео мен Джульетта» атты үздік балетті спектакльдері қойылды. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Универсиада қарсаңында өнер көрсеткен әлемдік балет труппасына ризашылықтарын білдірді. Америкалық Балет Театрының премьері Кори Стернз пен аталмыш театрдың жетекші солисті Девон Туше 8 жасынан бастап балет биімен айналысқан. Девонның балерина болуына алғашқы ұстазы себеп болған екен. Бұл жұлдыздар арнайы диета ұстамайды. Олар үшін диета - дұрыс тамақтану және демалыс күндеріңді пайдалы өткізу. Халықаралық балет фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.