Назад к списку

Итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ қызымен шаңырақ көтермек 


Итальяндық Сон Паскаль елімізге келіп, қазақша ән шырқап жүргені баршаға аян. Осылайша Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде сайраған Сон Паскаль мырза еліміздің тілі мен өнеріне ғана емес, тіпті қазақ қыздарына да ғашық болып шықты. Осыған дейін баспасөз беттеріне үш жылдан бері Әсия есімді қазақ қызбен кездесіп жүргенін айтқан ол қарым-қатынастарын бүгінде жалпақ жұрттан жасырмауды жөн санапты.