Назад к списку

Есін жиған Ернар Айдар тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты 


Ернар Айдар басына іс түскенде дұға-тілектерін жолдап, қолдау білдірген жұртшылыққа өзінің инстаграм парақшасында алғыс айтты. “Қадірменді дос-бауырлар, оқырман қауым! Маған тілеулес әрі дұғада болған әрбір жанға Алланың нұры жаусын! Сіздердің арқаларыңызда болар осылай тез сауығып келе жатқаным. Жаратқан ием, алып та сынайды, беріп те сынайды, дегенмен, қиындықтың бәрі артта, жағдайым бірқалыпты жақсаруда! Аллаға шүкір! Барымызды бағалайық, қайда жүрсек те, асықпай жүріп анық басайық, қазағым”, – деп жазды Ернар.