Назад к списку

Есболат Беделхан өзінің жаңа Black Dial тобын K-Pop бағытының тыңдармандарына таныстырды 


Наурыз айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласының танымал клубтарының бірінде KOREAN MUSIC PARTY 2017 шарасы аталып өтті. K-Pop бағытын сүйетін жастар үшін айтулы шараның маңызы зор болғаны соншалықты, тіпті кешке келген жанкүйерлердің санында шек болмады. Клубтың іші K-Pop фанаттарына лық толы болды. Кастингтен өткен көптеген топтар бұл кеште өздерінің өнерін көрсетіп, сегіз қырлы, бір сырлы екендерін сөзсіз дәлелдеумен болды. Әрине, аталмыш кештің ерекше қонағы кеше ғана құрылған Есболат Беделханның Q-POP жанрындағы BLACK DIAL тобы болды.