Назад к списку

Ерке Есмахан сүйіктісін іздеп жүр!  


Табиғат аясы, саксофоншы, ұзындығы тізеден төмен түскен белдемше, көзде көзілдірік және баста орамал. Бұл француздық стиль сіздереге таныс па? Аталмыш бейнеден бір жаңашылдықты байқадыңыздар ма? Бұл – еліміздің эстрадасында өнер жолында талмай жұмыс жасайтын жұлдыздарымыздың бірі – Ерке Есмаханның кезекті бейнебаянының түсірілімінен көрініс. Иә, әйтеуір жаңа шыққан әніне бейнебаян түсірмесе басы ауыратын әншіміз бүгінде жап-жаңа «Жоқсың» деген әнге бейнебаян түсіру жұмыстарына қызу кірісіп кетіпті.