Назад к списку

Головкин мен Сондерс Қазақстанда жұдырықтаспақ 


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин және осы салмақтағы Бүкіләлемдік бокс ұйымы белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV ғаламтор арнасының Twitter желісіндегі парақша хабарлап отыр. Арнаның мәліметінше олардың жекпе жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен. Айта кететін жайт, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі Бүкіләлемдік бокс ұйымының белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.