Назад к списку

Expo 2017 көрмесінің нышандарын кім ұрлады?  


Осыдан бірнеше күн бұрын Астана қаласында Бәйтерек жанында күнді, суды, жерді бейнелейтін Expo – 2017 көрмесінің нышандары пайда болған еді. Тіпті олардың әрқайсысына Сәуле, Мөлдір, Қуат деген есімдер де берілді. Көрме нышандарының бейнелері әлеуметтік желіде пайда болғаны сол-ақ, бірден сынға ұшырай бастады. Оларды тіпті орындарынан алып тастауды талап еткен қазақстандықтарға бұл нышандардың сырт келбеті ұнай қоймаған еді. Алайда кеше 15 қаңтар күні таңертең Бәйтерек монументінің жанында Сәуленің жоғалғаны белгілі болды. Бүгін белгілі болғандай Сәулені жөндеуге алып кеткені туралы хабарлады ресми БАҚ. Ал сізге Expo – 2017 көрмесінің нышандары ұнайды ма?