Назад к списку

Джонни Депп алаяқтық жасаған қаржы менеджерлерін сотқа берді!  

Бұл туралы Батыс баспасөзі хабарлап отыр. Көптеген әртістер сияқты голливуд актері бар тапқан-таянған ақшасын өзінің қаржы мамандарына сеніп тапсырған. Алайда, оның менеджерлері ұзақ уақыт бойы тонап келген, Джонни қомақты сомасынан айырылып, шығындарын төлеу үшін активтерін сатуға мәжбүр болды. Актер енді моральдық нұқсан келтірген бизнес-менеджерлерінің 25 миллион доллар төлеуін талап етуде. Голливуд жұлдызының мәліметінше, The Mandel Co и The Management Group ұйымдары оның қаржы және заң мәселелерімен айналысқан. Аталмыш ұйым менеджерлері актердің құжаттарын дұрыс жүргізбей, ақшаны орынсыз жұмсағандықтан Джонниды ондаған миллион долларға шығындатқан. Сот істері голливуд жұлдызына маза бермейтін сыңайлы. Осыдан екі-үш күн бұрын ғана, ұзақ уақытқа созылған Джонни Депп пен Эмбер Хердтің неке бұзу үдерісі аяқталып, тиісті құжаттарға қол қойып, істі жапқан еді. Қазір актердің басы бос! Бірақ бұл сот процессі қанша уақытқа жалғатасын белгісіз.