Назад к списку

Джаз ханшайымы Жанна Саттарова өмірден озды 


Әйгілі қазақстандық композитор, күйсандық ойнаудың хас шебері, бойына тән сұлулығы мен жан сұлулығын үйлестіре білген джаз әншісі Жанна Саттарова өмірден озды. Осыған дейін қатерлі ісікпен ұзақ уақыт бойы күресіп келген ол өзінің Алматыдағы үйінде 49 жасына қараған шағында қайтыс болған. Еске салсақ, Жанна ханымының денсаулыығының нашарлағаны 2014 жылдың қазан айында белгілі болған еді. Ол тіпті химиятерапияның бірнеше курсынан өтіп, ем қабылдаған болатын. Әншінің туыстары мен достары әншіге ақша жинап беру үшін талай қайырымдылық кештерін де ұйымдастырған болатын. Еліміздің және шет елдің белді емханаларында ем қабылдаған Жанна бүгінде тек халық ықыласына бөленіп қана қоймай, «джаз ханшайымы» деген атаққа да ие болды.