Назад к списку

Димаш “Singer” финалының екінші кезеңіне өтті 


Димаш Құдайберген Singer байқауы финалының екінші кезеңіне өтті. Бұл туралы қытай жанкүйерлері жарыса жазуда. Финалдың алғашқы кезеңінде Димаш итальян әншісі Адриано Челентаноның “Confessa” әнін орындаған. Қытайлық фанаттардың айтуынша, Hunan TV арнасы бұл жолы сайыс нәтижесін, тек ақтық мәреде өнер көрсететін әншілерді атаған. Айта кетейік, “Singer” байқауының жеңімпазы 15 сәуір күні тікелей эфирде анықталады. Ақтық мәреде қатысушылар өз елінде немесе әлемге танымал әншімен дуэт орындауы тиіс деген ақпарат бар. Тыңдармандар Димашпен бірге атақты француз әншісі Лара Фабиан ән айтуы мүмкін деп болжауда.