Назад к списку

Димаш Құдайбергенов әлемге аты танымал әнші Лара Фабианмен кездеспек! 


Қытай елінің Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am a singer» байқауына қатысып, 3 айналымда да жүлделі орынды қанжығасына байлаған жас әншіміз Димаш Құдайбергенов өзінің тума талант екендігін қарапайым халыққа ғана емес, енді әлемге танымал әншілердің өздеріне де мойындата бастады. Мұның бір дәлелі –Еуропаның танымал сопрано дауысты атақты әншісі, композитор Лара Фабиан көрерменнің көзайымына айналған Димаш Құдайбергеннің ерекше дауысына таңданыс білдіріп, оны кездесуге шақырған көрінеді. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің жан досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап үлгерген. Еске сала кетсек, кеше Хунань телеарнасының эфирінен байқаудың 3-ші кезеңі көрсетілді. Онда Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орынды иеленді. Байқау 10 кезеңнен құралған. Әзірге, Димаш жалпы есепте бірінші орында тұр.