Назад к списку

Димаш Құдайбергенов Лара Фабианның «Adagio» әнін орындап, тағы да жеңіске жетті 


Димаш Құдайбергенов I am a Singer байқауының алтыншы кезеңінде Лара Фабианның «Adagio» әнін орындап, тағы да жеңіске жетті. Ал, әйгілі әнші Лара Фабиан Facebook-тегі өзінің жеке ресми парақшасында Димаш Құдайбергенді қытайлық «I am a singer» телешоуының алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтады. «Adagio» әні құрлықты шарлауда. Қытайлық «I am a singer» теле-шоуында тамаша өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді құттықтаймын… », – деп жазды Франция әншісі. Димаш Құдайбергеннің ресми өкілі Алпамыс Шаримов өз қамқорлығындағы әншіге деген осындай ізгі тілекке қатты қуанып, Инстаграм желісінде: «Батырды батыр ғана мойындайды. Рахмет. Лара Фабиан Димашты өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында құттықтады! Сөзім жоқ!» – деп жазды. Айта кетейік, Димаш Құдайберген аталмыш жобаның алтыншы кезеңінде бірінші орын алды. Димаш 23 ақпан күні “Мен әншімін” ән байқауының жетінші кезеңінде «Дайдидау» әнін шырқап, үшінші орыннан көрінді. Бұл кезең эфирге 4 наурыз күні шығады. Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” байқауы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Оның алты кезеңі артта қалды.