Назад к списку

Димаш Құдайберген Қытайдың Грэмми сыйлығын жеңіп алды! 


Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» халықаралық кәсіби орындаушылар байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Top Chinese Music Awards марапатының "Азияның ең танымал әншісі" аталымын жеңіп алды. Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген Францияның ең қиын әнін орындады. Бұл әнді Димаш I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Димаш I am a Singer байқауының оныншы кезеңінде "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілдерінде шырқап, үшінші орынмен финалға шыққан болатын. Ал, финалдың конкурсы екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде Димаш әнді жеке айтса, екіншісінде дуэтпен орындайды. Отандасымызға тек сәттілік тілейміз.