Назад к списку

Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өткен Сакура фестиваліне қатысты 


Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өткен Сакура фестиваліне қатысты. Концерт барысында Димаш өзі “I am a Singer” жобасы барысында орындаған үш әнді айтты.Бейресми мәліметтерге сүйенсек, концерт 11 наурыз күні өткен. Онда Димаш француздың “SOS Dun Terrien” әнін, Лара Фабианның Adagio-сын және қытай тіліндегі “Күзгі мұң” әнін орындаған. Қазақстандық жанкүйерлер Димаш үшін алаңдап жатыр. Олардың пайымдауынша, Қытайдағы “Singer” жобасын ұйымдастырушалар Димаштың денсаулық жағдайын ескерместен, бұл концертке әдейі қатыстырған болуы мүмкін. “Осылайша қытайлықтар Димашты ақтық кезеңге жібермей қояды” дейді олар. Есте болса, өткен сенбіде “I am a Singer” байқауының 8-кезеңі эфирден берілді. Онда Димаш қытай әнін орындап, бесінші орын алды. Ал 9-кезеңде Димаш әлемге атақты Селин Дионның әнін айтып, екінші орынға көтерілді. Мұны көгілдір экраннан наурыздың 18-ші жұлдызында көре аласыздар. Естеріңізге сала кетейік, конкурстың финалына бір-ақ тур қалды.