Назад к списку

Брэд Питтпен ажырасқан Анджелина Джоли тұрмысқа шықпақ 


ШетелдікбасылымдартанымалголливуджұлдызыАнджелинаДжолидіңтұрмысқашығатынынжарысажазуда. БрэдПиттітастапкеткенкөпбалалыананыңжаңасүйіктісідебелгіліболды. Бұл туралы Dni.ru жазды. InTouch Weekly басылымының жазуынша, Анджелина 40 жастағы британдық кәсіпкер әрі филантроппен көңіл қосқан. Белгісіз себептермен кәсіпкердің аты-жөні хабарланбаған.Актрисаның таныстары Анджелинаның кәсіпкермен Лондон қаласында өткен көңілді кештердің бірінде танысқанын айтқан. Тағы бір нұсқа бойынша, Анджелина жаңа сүйіктісін БҰҰ-ның бір іс-шарасында жолықтырған.Қазіргі уақытта ғашықтар Анджелинаның Брэдпен заңды түрде ажырасуын күтіп жүрген көрінеді. Ел арасында Анджелина Джоли мен британдық кәсіпкердің тойына қызу дайындық жүріп жатқаны туралы да әңгіме тараған. Бірнеше аптадан кейін Джолидің жаңа жігіті Лос-Анджелеске атбасын бұрып, актрисаның балаларымен танысатын көрінеді. Әрине, Брэд мұндай жаңалықты күтпеді. «Ол той түгілі, Анджелинаның біреумен көңіл қосуы мүмкіндігін ойламады», – дейді басылымға сұхбат берген дереккөз.