Назад к списку

Бауыржан Рахымбеков туған күн кешін дүркіретіп атап өтті. 


Қазақ эстрадасы жұлдыздарының арасында өзіндік орнымен ерекшеленетін әнші Бауыржан Рахымбеков жеке мерекелік кешін жары, туған-туыс, дос-жаран мен әріптестерінің ортасында дүркіретіп атап өтті. Кешке жиналған көпшілік қауымнан дастархан басында Мақпал Жүнісова, Шаһизада, Әлішер Кәрімов секілді эстрада әртістерін де көзіміз шалды. Бұл кісілер де өздерінің ақ тілектерін жаудырып, Бауыржанға жылы лебіздерін білдіріп жатты. Кеш көңілді өткен тәрізді. Әйтеуір туған күн иесі де, жиналған көпшілік те мәз. Алдағы уақытта әлі бірнеше хит әндерді жарыққа шығарып, халқын жаңа туындыларыммен қуантуды жоспарлап отырған ағамызды біз де шын жүректен атаулы мерекесімен құттықтап, тек творчестволық табыстар тілегіміз келеді.