Назад к списку

Баян Мақсатқызы жеке өмірінің құпиясын кітап бетіне жарияламақ  


Продюсерлік Баян Есентаеваның бір қыры ғана. Әйткенмен түрлі істің басын шалған сайын, жеңістің де дәмін татып, жеңілісінің қиындығын сезінетінің рас. Одан қалса өмір сынақтары да оны әбден ширатты. Енді толғанысы мен тебіренісін кітапқа түсіруді жөн көрген Баян Мақсатқызы әлеуметтік желі арқылы автобиографиялық кітабының үзіндісін қалың көпшіліктің назарына ұсынды. Жазбаға қарағанда оның қындыққа толы өмірі мен жақын адамынан көрген қорлығы кітапқа арқау болатын секілді. Болашақ кітабының үзіндісі жарияланған пост әзірге 56 мыңнан астам лайк жинады.Баянның табынушыларыкітаптың жарыққа шығар күнін асыға күтуде. Автобиографиялық алғашқы бөлімін бастап кеткен тележүргізушнің бұл еңбегі жақын арада оқырмандарына жол тартады деп сенеміз.