Назад к списку

Асхат Тарғынның үйлену тойын дүркіреп өтті 


Тоғыз млн теңге шашып, келін түсірген Асхат Тарғыновтың үйлену тойы дүркіреп өтті. Беташар басталмай жатып, журналистерге сұхбат беріпте үлгеріп жатыр. Беташар демекші, айдай сұлу келіннің бетін Өмірқұл Айниязов ашты. Ал, тойдың бірінші бөлімін «мистер Жанатбек Бәйтеков» жүргізсе, екінші бөлімін атақты әзілкеш Қайрат Әділкерей тізгіндеді. Тойда қазақ шоу бизнесінде үлде-бүлдеге оранған әртістердің бәрі жүр. Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі Алтынай Жорабаева Астанадан жалғыз келіпті. Бұл тойда Жанар Айжановада жалғыз. Жанболатта Жазирасын тастап өзі келіпті. «Жігіттер» тобы түгел жүр. Соған қарағанда Мырзахан Санкт-Петербордан емделіп келсекерек. Шоу бизнестің бүкіл дүлдүлдерін жинаған АсхатТарғынов «шақырылған қонақтардың 90 пайызы келді» деп мәз.