Назад к списку

Анатолий Цой Алматыға қандай жаңалығымен келді? 


K-pop жанры қазір әлемді жайлап барады. Оның элементтері елімізде «Орда» сияқты топтардың әндерінен, стилінен ерекше байқалатын. Оған толыққанды бет бұрған, арнайы сол бағытта ән айтатын топ «Ninety One» деп аталады. Бұл "Орда" тобының солисті Ерболат Беделханның жетекшілігімен құрылған топ. Аталмыш ұжымның жігіттеріне қоғам тарапынан түрлі наразылықтар туындап жатыр. Халыққа жігіттердің сырға тағып, шаштарын қызылды-жасылға бояғаны көбісіне ұнамайды. Ал, осы топпен гастрольдік сапарларға бірге шығып, концерт берген Константин Меладзенің «M-бенд» атты жаңа тобының құрамында ән айтып жүрген отандасымыз Анатолий Цой өз пікірін білдірді.