Назад к списку

Алуа Қонарова AYUMI тобына кастинг жариялады! 


Елімізге танымал қазақстандық герз бенд “AYUMI” тобының құрамы тағы да өзгеруі мүмкін. Бұл жайында топтың продюсері Алуа Қонарова өзінің әлеуметтік парақшасында арнайы пост жариялады. Алуа ханымның талабы бойынша үміткерлер ән айта және би билей білуі тиіс. Бұдан бөлек, бойжеткеннің сырт келбеті тартымды болғаны абзал. Топқа 20-25 жас аралығындағы бойжеткендер өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, қыздың бойы 165 сантиметрден аспауы тиіс екен. Ал топтағы қыздардың талабы бойынша, топқа жаңадан қосылатын ару тағам даярлаудың хас шебері болып қана болмай, кір жуып, үй жинай алатын қабілеттері болуы міндетті екен. Аталмыш жаңалықты топтың жанкүйерлері қалай қабылдар екен? Ол жағы әлі белгісіз. Айтпақшы, топтан біреу кетті ме әлде үштік енді квартетке айнала ма, мұны да анықтау әзірге мүмкін емес болып отыр. Себебі Алуа ханым әзірге шетелде кезекті демалысын өткізіп жатқан көрінеді.