Назад к списку

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтті! 


«Махаббат үшін алғыс» атты мерекелік кеш сүйікті әншінің 55 жылдығына арналып отыр. Концерттің басты ерекшелігі этно, фолк, поп, джаз, блюз сынды түрлі жанрда әндер шырқалды. Алыс жақын шет елден келген және отандық эстрада жұлдыздары Севара Назархан, Далер Назаров, Валерий Меладзе, «Меццо» тобы және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның қоры - Батырхан Шүкеновтың репертуарындағы әсем әндерді жанды дауыспен керемет орындап, мерекелік кешке жиналған қонақтарды тәнті етті. Танымал ресейлік әнші әрі Батырхан Шүкеновтың досы Валерий Меладзе өзінің репертуарынан айтқан төрт әннің біреуін Батырдың анасына арнады.