Назад к списку

Алматыда аты да, заты да ерекше мейрамхана ашылды 


Жылы жүзді қызметкерлер, жайлы дәмхана және сәнді банкет залы. Мейрамхана бизнесі дамыған мына заманда тұрғындарды қарапайым дүниемен таң қалдыра алмасың анық жайт. Дегенмен бүгінде Алматы қаласында өзге дәмханалардан аты да, заты да ерекше As'salam атты су жаңа мейрамхананың ашылғаны көпшілікті қуантты. Аталмыш орынның ең басты артықшылығы – мұнда ішімдіктің болмауы. Иә, отбасылық демалыс пен шығыс асханасын сүйетін кез-келген тұрғынға As'salam мейрамханасының есігі әрдайым айқара ашық болмақ.